ОРАМАЛ тағудың пайдасы мен артықшылығы 🌸Егер бұл жазбадан сəл нәрсе түсінсеңіз бізге үлкен Қуаныш болар еді.Барынша репост жасап қазіргі қарындастарымызға,апке сіңлілерімізге тек жақсы жолды көрсетейік жақсылар!🌹 Ең әуелі хижабтың парыздығынан бұрын хижаб пен орамалдың парқын ажыратып алған жөн сияқты. «Хиджаб» – арабша сөз. Оның негізгі түбірі «хажәбә», яғни қазақшасы жасыру, жабу, жамылғыш деген мағыналарды береді. Хижабты қазақша орамал деп те атайды. Хижаб пен орамалдың негізгі ұғымы бір. Әйелдердің басын орамалмен жауып, әурет жерлерін бөгде адамдардан жасырып ұзын киім киюі – Алла Тағаланың бұйрығы. Дінімізде әйелдердің беті, екі қолы (білезігіне дейін) мен екі аяғынан (тобығына дейін) басқа жерлері ұятты болып есептеледі. Сондықтан да, барлық әйел баласы ұятты саналған әуретті жерлерін киімімен жауып, бөгде ер кісілерге көрсетпей жүрудің шариғаттағы үкімі – парыз. Оның парыздығына Қасиетті Құранның «Нұр» сүресіндегі 31-аят дәлел. Онда: «Мүмін әйелдерге айт, өздеріне харам етілген нәрселерге қарамасын, ұятты жерлерін зинадан, күнә атаулыдан қорғасын, мәжбүр көрінген жерлерінен (бет, екі қол, тобықтан төмен екі аяқ) тыс әдеміліктерін көрсетпесін. Орамалдарын жағаларын да (яғни, мойын, көкіректері ашық қалмасын) жабатындай етіп тақсын…»), – делінген. Ал ата-бабаларымыз «ғұрпымызда орамал тағу жоқ» деп, Құран қағидасына қарсы шықпаған. Керісінше, оны ғұрпымен сабақтастырып, ою-өрнегімен көркемдеп, өзінің төл киім үлгісіне айналдыра білген. Орамал тағудың Физиологиялық пайдасы жайлы.🌷 Әйелдің толық оранып жүруі физиологиялық тұрғыдан да пайдалы. Медицина ғылымдарының докторы Қарлығаш Тоғызбаеваның зерттеуіне қарағанда, ашық- шашық жүрген әйел өзіне қажет емес артық қуат жинайды да, еркектерге тән гистостерон гормоны пайда болып, ағзаның гормональды бұзылуына соқтырады, нәтижесінде қатерлі ісік т.б. ауруларға жол ашады, екен. Орамал тақпаудың зардабы🌷 Медицина ғылымының докторы Ерболат Дәленовтің зерттеуі бойынша: жаздың күні жалаңбас жүріп, күнге қатты күйіп, ыстық өткен адам қатерлі тері ауруларына тез шалдығады екен. Және жас қыздарымыздың 16-32 пайызында жұмыртқа бездерінің ақауы пайда болған. Бұны медицина тілінде «киста» дейді. Жұмыртқа бездерінің ішінде дистрофиялық процестің түзілуі. Бұл – келешек те бедеулікке ұрындырады деген сөз. Бұл дерт – қыздарымыздың кіндігін ашып тастап, арқа- белін жалаңаштап, салқын күндері басын ашық ұстаудан пайда болады екен. Бұлай жалаңаштану қыздарымызды келешекте жаппай бедеулігіне апаратын түрі бар. ➡Орамал тақпаудың əсерінен туындайтын аурулар Гинеколог мамандар жастайынан ашық- шашық жүрген әйел көп бала табуға қауқарсыз, дегенді айтып жатыр. Баяғыдағы оншақты құрсақ көтеретін аналарымыз бүгін неге жоқ. Мәселе, осы жалаңаштануда жатқан сияқты. Қазіргі таңда кіндікті ашу, ышқыры төмен шалбар мен қысқа жейде (топик) кию қыздардың сәніне айналды. Чукрова университеті, медицина факультеті, урология бөлімінің профессоры, әйгілі түрік дәрігері Синан Зереннің айтуынша, мұндай киімдер адамның ішкі ағзалары – бүйрек, бауыр, зәр жолдарының сырқаттануына және әйелдердің гинекологиялық әртүрлі ауруларға шалдығуына апарып соғады. Сондай-ақ, түрік ғалымы мұндай келеңсіздіктердің жастар арасында сағат санап өсіп бара жатқандығын, оны жедел уақыт ішінде ауыздықтау керек екендігін алға тартады. Біздің ата-бабаларымыз жалаңаш әйелден келетін қатерді жақсы білген. Әрі шариғат үкіміне сай дәстүр қалыптастырған. Ора мал тартқан әйелде қайыр бар, дейді қазақ. Әйеліне орамал тартқызып, жабық киінуге бұйырған еркек шын мәнінде әйеліне жаны ашитын адам. Қазан төңкерісіне дейін күллі қазақ даласында ашық-шашық киінген бірде- бір әйел заты болмаған. Қазіргі кезде қыз келіншектер тамақ даярлайды,орамал орамал такпайды.соның зардаптарыда бар.Аурулар туғызуда.Шаштары тамақтың,тəттілердің арасынан шығуда.Бұл дегеніміз бір жағынан жеке тазалықты сақтамау болса,екінші жағынан адамды жиіркендіретін іске апарады.Кыз келіншектеріміз осыларды окып шешім шығарар деген үміттеміз.Біздің апа апкелеріміз бұрын Хиджаб кимеген десекте бірақ олар жабық киінген.Орамал таққан Əр бір қыз Қазақ халқының ұйытқысы,ұлтты ұлт қылып сақтайтында осы қыздар емес пе сондықтан қыздарымыздың етек жеңін жиып,тек Тура ата бабамыздың жолын көрсетейік!🌸🌹Тіпті біздің қазақ халқының Əр мекенге арналған орамалдары болған оларды сіздерге ұсынамыз!

Теги других блогов: медицина физиология орамал тағу